Нигерияда маймыл шешегіне қатысты қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды
Нигерияда маймыл шешегі вирусының таралуына байланысты қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Ауруларды бақылау орталығының ақпары бойынша қауіпті инфекция бүгінге дейін 39 адамнан анықталған. Осыған байланысты билік өкілдері науқастармен байланыста болған азаматтарды шұғыл анықтау шараларын күшейтіп, дерттің кеңінен етек жаюына жол бермеуге күш салып жатыр.
Бұдан бөлек, ел азаматтарын вакциналау ісі де қолға алынған.
Айта кетейік, маймыл шешегі қазір Африканың 18 мемлекетінде өршіп тұр. Ең күрделі жағдай – Конго Демократиялық Республикасында. Бұл елде шамамен 16 мың адам науқас деп танылып, 500-ден астамы көз жұмды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл 18,8 млн га алаңда далалық іздестіру жұмыстары жүргізілді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы