11 Тамыз 2024, 01:27
Фото: aa.com.tr
Нигерияда Ласса безгегінен көз жұмғандар саны 170-ке жуықтады
Нигерияның 34 штатында өлімге әкелетін қауіпті ауру таралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нигерияның 34 штатында өлімге әкелетін қауіпті ауру таралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Анадолу агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қатерлі індет соның ішінде ел астанасы Абуджа қаласында да таралған.
Қазіргі таңда елдегі Ласса безгегінен көз жұмғандар саны 163 адамға жетті.
Нигериялық ауруды бақылау орталығы (NCDC) таратқан ақпаратқа сәйкес, былтыр елде Ласса безгегін 1227 адам жұқтыру дерегі тіркеліп, 219 адам індеттен қайтыс болған.
Ел үкіметі аталған ауруды емдеу үшін 3 препарат анықталғанын айтты.
Алғаш рет Ласса безгегі Нигерияда 1969 жылы елдің солтүстік-шығысындағы Борно штатында анықталған.
Ласса безгегі салдарынан Нигерия үкіметі былтыр ақпан айында елде ТЖ режимін жариялады.
Айта кетерлігі, Ласса безгегі тышқандар мен егеуқұйрықтардың нәжісі арқылы жұғады. Қауіпті ауру адамға жұғып, соңы өлімге әкелу қаупі жоғары.
- Мысырда екі жолаушылар пойызы соқтығысты: қаза тапқандар бар 00:25
- Ауруханаларға 2027 жылға арналған дәрілер қашан жеткізіледі 08.11.2026
- Қазақстан хоккей құрамасы үшінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды 08.11.2026
- Петропавлда мас күйде рөлге отырған жүргізуші ұсталды 08.11.2026
- Қар аралас жаңбыр: Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды 08.11.2026
- Алматы облысында реновациядан кейін өрт сөндіру бөлімі ашылды 08.11.2026
- Тәжікстан Қазақстан астығын жеткізу көлемін арттыруға ниетті 08.11.2026