Нигерияда қарулы топ мектепке шабуыл жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нигерияның Тегина қаласында қаруланған топ мектеп-интернатқа шабуыл жасап, 200 оқушыны тұтқынға алды, деп жазды korrespondent.net. 

Оқиғаға куә болған жергілікті тұрғындардың айтуынша, түстен кейін интернатты басып кірген қарулы топ оқушыларды өздерімен бірге алып кеткен. Олардың мәліметіне сәйкес, жараланғандар мен қаза тапқандар жоқ. Нигер штатының ресми өкілі шабуыл фактісін растады, дегенмен қанша оқуышының тұтқындалғаны туралы мәлімет беруден бас тартты. 

Соңғы уақытта Нигерияда оқу орындарына басып кіріп оқушыларды тұтқынға алу, артынан олар үшін құн сұрау жағдайы жиілеп кетті. Үкіметтің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері 700 оқушыны ұрлау фактісі тіркелген. Нигерияның солтүстік әкімдігінің шешімімен наурыздан бері 600 мектеп жабылды. Ол жерде білім алушылар қауіпсіз аймақтардағы басқа мектептерге ауыстырылды. Сонымен қатар білім ордаларындағы қауіпсіздік күшейтілген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы