9 Тамыз 2026, 20:55 Фото: istockphoto.com

Нигерде екі жолаушылар автобусы соқтығысып, 21 адам көз жұмды

Екі жолаушылар автобусының соқтығысуы салдарынан кемінде 21 адам қаза тауып, тағы 37 адам жарақат алды.

Нигердің батысында екі жолаушылар автобусы соқтығысып, кемінде 21 адам қаза тапты. Тағы 37 адам жарақат алды.

Бұл туралы Нигер баспасөз агенттігі (ANP) хабарлады.

Агенттік мәліметінше, жол апаты Маради – Мадауа тасжолында, Мадауа қаласынан шамамен 55 шақырым жерде болған.

Алдын ала дерек бойынша, 21 адам қаза тауып, зардап шеккен тағы 37 адамға медициналық көмек көрсетілді. ANP мәліметінше, автобустардың бірінде әскери қызметшілер болған.

Апаттың себептері анықталып жатыр. Тергеу басталды.

Жол-көлік оқиғасы Нигер билігі елде жиілеп кеткен апаттарға байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі түсіндіру жұмыстарын күшейткен тұста болды.

Нигердегі жол апаттарының негізгі себептері ретінде жылдамдықты шамадан тыс арттыру, мас күйде көлік жүргізу, сондай-ақ көліктер мен жолдардың нашар жағдайы аталады.

Нигердің Жол қозғалысы қауіпсіздігі агенттігінің есебіне сәйкес, 2025 жылы елде 7,1 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апаттар салдарынан 1,2 мыңнан астам адам қаза тауып, 4,4 мыңнан астам адам ауыр жарақат алған.