+1

Нидерландыдан келген жолбарыстардың жағдайы қалай? – министр жауабы

Нидерландыдан келген жолбарыстардың жағдайы қалай? – министр жауабы

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Ресейден тағы төрт жолбарыс әкелінетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілші.

Ресей Федерациясынан мамандар тобы келіп кетті, біз оларға жолбарыстарға арнап дайындап жатқан инфрақұрылымды көрсеттік. Түсіністік бар, меніңше, биыл біз тағы үш немесе төрт жолбарыс әкелеміз. Осылайша, біз тұран жолбарысын қайта жерсіндіру жобасын толыққанды жүзеге асыруды бастаймыз. Бірақ нақты мерзімі әлі белгісіз. Дегенмен, түсіністік пен шешім бар, – дейді Нысанбаев үкіметтегі брифингте.

Сондай-ақ министр Нидерландыдан Қазақстанға жеткізілген жолбарыстардың жағдайы туралы айтты.

Нидерландтан екі жолбарыс әкелінді, қазіргі таңда олар Іле-Балқаш резерваты аумағында, жағдайлары тамаша. Сонымен қатар, біз бұл туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде ақпарат тараттық. Жыл соңына дейін олардан төл алынады деп үміттенеміз, – деп түйіндеді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жасанды интеллект
Өзгелердің жаңалығы