Бүгiн 2026, 18:16
Фото: pixabay.com
Нидерландыда тақ мұрагері ханшайымға қастандық жасамақ болған күдікті ұсталды
Қастандыққа дайындық ақпан айында басталған.
Нидерландтың құқық қорғау органдары тақ мұрагері ханшайым Амалия мен оның сіңлісі ханшайым Алексияға жасалмақ болған қастандыққа күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Algemeen Dagblad газетіне сілтеме жасап.
Прокуратура мәліметінше, ұсталған адам – Гаага қаласының 33 жастағы тұрғыны. Тергеу нұсқасына сәйкес, қастандыққа дайындық ақпан айында басталған.
Тінту барысында күдіктіден ханшайымдардың есімдері ойып жазылған екі балта, сондай-ақ монархтың қыздары аталған және «қанды қырғын ұйымдастыру» ниеті жазылған қағаз табылған.
Аталған іс бойынша алғашқы сот отырысы 4 мамырға белгіленген.