Нидерландыда шетелден бала асырап алуға тыйым салынды

Нидерландыда шетелден бала асырап алуға толықтай тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТАСС агенттігінің мәліметіне сүйенсек, өткен айда Нидерландының бас заң шығарушы органы Социалистік партияның «халықаралық бала асырап алудан біртіндеп бас тарту туралы» ұсынысын мақұлдаған.

Құқықтық қорғау мәселелері бойынша министр Франк Вервинд шетелден бала асырап алудың басталған процедуралары аяқталған соң жаңа өтінім қабылдау бірден тоқтатылады, - деп отыр.

Асырап алу процедурасына қатысып жатқан балалардың қызығушылықтары бастапқы мәнге ие, - деді ол.

Шетелден бала асырап алу мәселесін Нидерланды бұған дейін де талқыға салған болатын. 2021 жылы заң қолданыстан алынып тасталғанымен, кейіннен Болгария, Венгрия, Лесото, Португалия, Таиланд, Филиппин мен ОАР елдерінен асырап алуға рұқсат етілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы