Нидерландыда алапат дауыл басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландыда «Юнис» дауылы соғып, салдарынан үш адам қайтыс болды. Табиғи апат Амстердамда орын алған деп хабарлайды Euronews.com.

Дауылдан зардап шеккендер тарапынан елдің құтқару қызметіне көптеген хабарламалар келіп түсуде. Полиция азаматтарды үйлерінен шықпауға шақырды. 

Дауылды күткен голландиялық теміржолшылар тәулік бұрын барлық бағыттағы пойыздардың қозғалысын тоқтата тұру шешім қабылдаған. 

Төнген қауіп пен құтқару қызметінің ескертуіне қарамастан, адамдар апаттан ләззат алу үшін теңіз жағалауында серуендеулерін жалғастыруда. 

«Юнис» дауылы қауіпті деп саналады. Ол Бельгия тарихында соңғы отыз жыл ішінде ең күшті дауыл ретінде тіркелген. Ал Фландрияда дауыл соққанда ағаштар құлап, бірнеше адам ауыр дене жарақатын алған. 

Елдің өзге бөлігінде шұғыл көмек көрсету қызметіне мыңдаған апаттан зардап шегушілерден көмек қолын ұсыну туралы хабарлама келіп түскен. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы