Нидерланды жыл басынан бері Украинаға 133 млн еуро көмек көрсетті

Нидерланды 2026 жылы Украинаға көрсетілетін әскери және энергетикалық көмектің жалпы көлемін 133 миллион еуроға жеткізді. Бұл туралы NL Times порталы халықаралық даму, сыртқы сауда және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі статс-хатшы Аукье де Вриске сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған шешім Нидерланды үкіметінің Украинаның энергетикалық секторын қолдауға қосымша 23 миллион еуро бөлуімен байланысты. Қаражат шетелден газ жеткізуді қамтамасыз етуге, зақымданған энергетикалық инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сондай-ақ генераторлар мен кабельдерді қоса алғанда, Нидерландыда өндірілген қажетті жабдықтарды сатып алуға бағытталады.

Порталдың мәліметінше, Нидерланды жыл сайын Украинаға шамамен 3,5 миллиард еуро көлемінде көмек көрсетеді. Оның ішінде 2025 жылы Киевті қолдауға бөлінген шамамен 2 миллиард еуро игерілген.

Жалпы, 2022 жылдан бері Нидерланды Украинаға әскери қажеттіліктер үшін 13,6 миллиард еуродан астам қаражат бөлген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы