Нидерланды сарапшылары су саласындағы тәжірибелерімен бөлісті

Астанаға келген нидерландылық сарапшылар су саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. Шетелдік мамандар су тасқыны қаупін болжау тақырыбында семинар өткізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара осы жылдың мамыр айында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Дельфт су білімі институты (IHE Delft) арасында қол қойылған меморандум аясында ұйымдастырылды.

Семинарға Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, География және су қауіпсіздігі институтының және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының мамандары қатысуда.

Іс-шараның басты мақсаты - су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру. Семинар 30 тамызға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Өзгелердің жаңалығы