"Нейрожүйе Қазақстан туралы білмейді". Тоқаев тапсырма берді

Бұл туралы Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Танымал сервистерге қазіргі заманғы Қазақстан туралы сурет немесе видео әзірлеуге сұраныс берсек, көбіне шындыққа жанаса бермейтін өнім ұсынады. Себебі жаһандық нейрожүйелер біздің тарихымызды, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді толық білмейді. Әзірге интернет кеңістігінде Қазақстан туралы әлемнің кең таралған тілдеріндегі, әсіресе, ағылшын тіліндегі ақпараттар көп емес, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Бүгінгі таңда Үкімет қолда бар орасан зор деректерді, соның ішінде мұрағаттар мен анықтамалық мәліметтерді, ғылыми зерттеулерді, иллюстрациялар мен фотосуреттерді, музыкалық шығармаларды және өнер туындыларын цифрлық форматқа көшіру жұмысын бастап кетті.

Ұлттық цифрлық мұрағат құрып, оны еліміздегі және шетелдердегі нейрожүйе жасаушылардың еркін пайдалануына мүмкіндік беру керек, – дейді Президент.

Еске сала кетейік, осыған дейін президент көшелерге әйгілі бабалардың есімін беруді тоқтатуды ұсынды. Енді психологтар мен "коучтар" бақылауға алынатыны туралы да айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы