8 Наурыз 2023 2023, 13:30 Фото: REUTERS / Gonzalo Fuentes

Неймар мейірімді болғаны үшін ақша алады

Неймар клубтың тактикасын сынауға құқығы жоқ.

БАҚ назарына іліккен Неймардың ПСЖ-мен келісімшартында қызықты келісімдер бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Пари Сен-Жерменмен келісімге сәйкес, Неймар сыпайы, ұқыпты, мейірімді және жанкүйерлерге ашық болғаны үшін айына 541 680 еуро алады. Келісімшартқа сәйкес, Неймар клубтың тактикасын сынауға құқығы жоқ және клуб  оның қызметкерлері мен жанкүйерлері туралы жағымсыз мәлімдемелерден аулақ болуы керек.