Неврозға қандай балалар бейім болатыны анықталды
Невроз – балалар арасында жиі кездесетін ауытқулардың бірі. Мамандардың зерттеуіне сүйенсек, қыздарға қарағанда ұл балалар неврозға 1,5 есе жиі шалдығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық белгілі нейропсихолог Айнұр Алдаш «Айналайын» бағдарламасында балалар арасындағы жүйке ауруларының алдын алу жолдарын айтып берді.
«Сен еркек емессің бе, неге қыз сияқты майысып отырсың», «өшір үніңді, көз жасыңды көрсетпе», «бұл өмірде сені менен артық ешкім жақсы көрмейді» деген сияқты үш сөйлемнің өзі ұл баланы невротик қылады, - деп бөлісті Айнұр Алдаш.
Психологтың айтуынша, невроздың 100 шақты белгісі бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы