Невролог бас сақинасының ұстауына түрткі болуы ықтимал тағам түрлерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медициналық қоғамдастықтың мәліметінше, планетаның әрбір жетінші тұрғынының бас сақинасы ұстайды. Маман түсіндіріп өткендей, оған адам тұтынатын қарапайым ас себеп болуы мүмкін, мәселен ірімшік немесе шоколад, деп хабарлайды Zakon.kz.

Невролог Павел Хорошев Sputnik радиосына берген сұхбатында егер адамның басы ауырып, сақинасы ұстаса, онда ол вегетариандық диетаны ұстануға тырысуы керектігін айтады.

Оның айтуынша, зерттеулер осындай жағдайда кейбір науқастар жеңілдік сезгенін көрсеткен. Бірақ майлы ет бас сақинасын қоздыратын ең күшті фактор емес.

Қызыл шарап алкогольдің басқа түрлеріне қарағанда басқа шабуылды күшейтеді. Сонымен қатар, бас сақинасын жиі қоздырушылар қатарына құрамында кофеині бар барлық өнімдер: энергетиктер, кофе, шай, ірімшіктің барлық түрлері жатады. Бас сақинасын тудыратындардың бастысының бірі - шоколад. Аспартам тәттілендіргіші мен глутамат хош иістендіргіші де бас сақинасын тудыруы мүмкін, – дейді невропатолог Павел Хорошев.

Бас сақинасы – бұл жай ғана бас ауруы емес, бұл созылмалы тұқым қуалайтын ауру, мұндайда бас қысып-қысып аурады. Бас сақинасы кенеттен басталады және әртүрлі арандатушылық жағдайларда пайда болуы мүмкін. Әрине, бас сақинасы ұстағанда оқу немесе жұмыс істеу деген жайына қалады.

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алғаныңыз жөн.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы