Нетаньяху Трамптың Газа жоспарына өзгерістер енгізуге тырысуда
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты реттеу жөніндегі жоспарына бірқатар түзетулер енгізуге тырысып жатыр. Бұл туралы Financial Times басылымы дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Басылымның жазуынша, араб елдері Нетаньяхудың Трамп жоспарына енгізген өзгерістеріне алаңдаушылық білдірген. Өзгерістердің негізгі бөлігі қақтығысты реттеу мерзімдері, Израиль әскерлерінің орналасу аймақтары, сондай-ақ Палестина билігінің болашақ рөліне қатысты екені айтылған.
Араб елдері Нетаньяхудың ұсыныстарын ХАМАС ешқашан қабылдамайды деп санайды, – делінген материалда.
Ал бұған дейін Палестинаның ХАМАС қозғалысы АҚШ Президенті ұсынған, израильдік кепілге алынған барлық адамдарды босатуды көздейтін шарттарды орындауға дайын екенін мәлімдеген еді.
Осыған жауап ретінде Дональд Трамп Израиль билігін Газа секторына әуе соққыларын тоқтатуға және кепілге алынғандардың қауіпсіз босатылуына жағдай жасауға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СҚО-да жыл басынан бері 770 келіден астам есірткі тәркіленді
Өзгелердің жаңалығы