18 Тамыз 2026, 05:21 Фото: Ronen Zvulun / Reuters

Нетаньяху мен Бейбітшілік кеңесі Газа бойынша екі жұмыс тобын құрады

Израиль тарапы Газа секторын қалпына келтірудің алғашқы қадамы ХАМАС-тың қаруын халықаралық тұрақтандыру күштеріне жою үшін тапсыруы болуы керек деп санайды.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен Газа бойынша Бейбітшілік кеңесі анклавты демилитаризациялау және гуманитарлық мәселелерді шешу үшін екі жұмыс тобын құруға келісті.

Бұл туралы Нетаньяху кеңсесі Иерусалимде АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер және Бейбітшілік кеңесінің Газа бойынша жоғары өкілі Николай Младеновпен өткен келіссөздерден кейін хабарлады.

ТАСС агентгінің мәліметінше, бірінші жұмыс тобы Газа секторын қарусыздандыру және демилитаризациялау мәселелерімен айналысады. Израиль мен Бейбітшілік кеңесі бұл процесті анклавты қайта құру басталғанға дейін аяқтауды көздеп отыр.

Екінші топ Газа тұрғындарын санитария, таза ауызсу және денсаулық сақтау мәселелерімен қамтамасыз етуге бағытталады.

Израиль тарапы Газа секторын қалпына келтірудің алғашқы қадамы ХАМАС-тың қаруын халықаралық тұрақтандыру күштеріне жою үшін тапсыруы болуы керек деп санайды. Бұл процесті АҚШ бақылауы тиіс.

Бұған дейін Нетаньяху Израиль ХАМАС толық қарусызданғанға дейін әскерін Газадан шығармайтынын мәлімдеген болатын.