Нетаньяху Катарды "террористерді паналатты" деп айыптады
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Дохада орналасқан ХАМАС басшыларына соққыдан кейін алғаш рет Катарды ашық сынады. Ол елді "террористерді паналатты" деп айыптады, деп хабарлайды BAQ.KZ The Times of Israel-ге сілтеме жасап.
Мен Катарға және террористерді паналататын барлық елдерге айтамын: сіз оларды қуып жібересіз немесе әділеттілікке тартасыз. Егер сіз мұны жасамасаңыз, біз жасаймыз, – деді Нетаньяху.
Сондай-ақ ол Израиль армиясының ХАМАС жетекшілеріне жасаған соққысын 2001 жылғы 11 қыркүйектен кейін АҚШ жүргізген антитеррористік операциялармен салыстырды.
Айта кетейік, 9 қыркүйекте ХАМАС келіссөз делегациясы АҚШ-тың Газа секторындағы атысты тоқтату жоспарын талқылау үшін Катар астанасы Дохада болған сәтте соққыға ұшыраған еді.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Израильдің бұл әрекетін айыптап, оны Катардың егемендігі мен аумақтық тұтастығын өрескел бұзу деп атады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы