Бүгiн 2026, 08:43
Фото: Reuters
Нетаньяху Иран халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иран халқына арнап үндеу жасады.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иран халқына арнап үндеу жасап, оларды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Саясаткер бұл жолдауды Иранға қарсы жалғасып жатқан әскери операция аясында жариялаған.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Бұл – бостандық жылы, жаңа бастамалар мен үміт жылы болсын, қымбатты достар, – деді ол.
Наурыз – түркі және парсытілдес халықтардың көктемгі теңелу мен жаңа жылды қарсы алу мерекесі.