Нетаньяху: ХАМАС мүшелеріне рақымшылық жасау мүмкіндігі қарастырылуда

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа секторындағы әскери қимылдар аяқталғаннан кейін ХАМАС қозғалысы мүшелеріне рақымшылық жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Fox News арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл мәселе әлі де талқылануда. Бұған дейін мен ХАМАС басшылары елден тыс жерде жүріп, соғысты тоқтатып, барлық тұтқындағыларды босатқан жағдайда оларға бостандық берілуі мүмкін екенін айтқанмын. Бірақ егжей-тегжейлерін пысықтау қажет, - деді Нетаньяху.

Израиль үкімет басшысы қазіргі таңда бұл тақырып бойынша нақты шешім қабылданбағанын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Yair Sagi/Pool Photo via AP
Өзгелердің жаңалығы