Несие беру. Банктер қандай кәсіпорындарға күмәнмен қарайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы INCEIF исламдық әлеуметтік қаржыландыру бөлімінің басшысы Зияд Махомед онлайн  өткен "Astana Finance days 2020" панельдік сессиясында айтты.

Ислам қаржыландыру қазір ерекше мәнге ие болып отыр. Себебі, ол пайызсыз беріледі. Қазақстандағы ШОБ-ты қаржыландыру кедергілеріне келетін болсақ, олар жаңа емес. Көп елде ұқсас кедергілер кездеседі. Олардың бірі – шектеулі қамтамасыз ету. Сондай-ақ, олардың несиені аз алуы да өз әсерін тигізеді. Бұл кәсіпорындар экономиканың бейресми секторында жұмыс істейді. Ал бұл секторда жақсы несиелік тарих қалыптастыру қиын. Банктер ондай кәсіпорындарға күмәнмен қарайды. Сондықтан да олардың несие алуында бірқатар күрделі жағдай туындайды, - деді Зияд Махомед.

Оның айтуынша, шағын және орта, микро бизнесті қаржыландыру проблемаға айналған. 

Бұл орайда ислам қаржыландыруының ұстанымдары қажет. Олар бізге осы қиындықтарды еңсеруге жәрдемдеседі. Ислам қаржыландыру кестесі арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті қаржыландырудың үздік нұсқасын әзірлеуге болады. Шағын кәсіпкерліктің банктерден несие алудан басқа мәселелері бар. Бұл еңбек ресурстарын іздеу, цифрлық платформаларға шығу. Осы орайда қаржылық технология саласын дамыту айтарлықтай шешуші рөл ойнар еді. ШОБ саласында жұмыс істеу үшін онлайн платформалардың санын арттыру керек, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы