Несие алғысы келетін халықтың үлесі 18%-ға дейін азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуірдегі сауалнаманың нәтижесіне сүйенсек, халықтың инфляциялық күтулері өсті. ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің айтуынша, инфляциялық күтулердің бір жыл алға сандық бағасы 7,2%-ды құрады.

Келесі 12 ай ішінде бағаның қазіргі өсу қарқынының сақталуын не бағаның неғұрлым жылдам өсуін күтетін респонденттердің үлесі 47%-ға дейін өсті (наурызда – 44%).

Респонденттердің 85%-ы (наурызда 88%) азық-түлік өнімдерінің бағасы өсетінін айтты. Сәуірде азық-түлікке жатпайтын тауарлардың, соның ішінде жанармай мен құрылыс материалдары бағасының өсуін белгілеген респонденттердің үлесі 6,9%-ға (наурызда 4,5%). Қазіргі және болашақтағы қаржылық жағдай, сондай-ақ экономиканың даму перспективалары төмен бағаланғанда тұтынушылардың көңіл-күйі аздап бұзылды, -дейді ол.

Тұтынушылық және ипотекалық несиесі бар респонденттердің үлесі төмендеді. Алдағы жылы несие алғысы келетін халықтың үлесі 18%-ға дейін азайды (2021 жылы қаңтарда – 20%). Сонымен бірге респонденттердің көптеп сатып алуларға дайындығы артты.

2021 жылы сәуірде экономиканың қысқа және ұзақ мерзімді күтулері оң аймақта болғанына қарамастан, үш ай бойы нашар болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы