26 Тамыз 2026, 22:50
Фото: REUTERS/Navesh Chitrakar
Непалдағы су тасқынынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ
СІМ жағдай министрліктің бақылауында екенін айтты.
Непал мен Қытай шекарасында болған ауқымды су тасқынынан кемінде 95 адам қаза тауып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
ҚР Сыртқы істер министрлігі осы уақытқа дейін бұл тізімдерде қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Непал мен Қытай шекарасындағы су тасқынынан зардап шеккендер мен із-түзсіз жоғалғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, – деді СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов.
СІМ жағдай министрліктің бақылауында екенін айтты.
Бұған дейін су тасқынынан соң 400 туристің із-түзсіз жоғалғанын жазды.