26 Тамыз 2026, 21:55 Фото: NDTV

Непалдағы су тасқыны: 400 турист із-түзсіз жоғалды

Непал полициясының мәліметінше, апаттан кемінде 17 адам қаза тапқан. Туризм басқармасы тағы 400-ге жуық саяхатшының жоғалғанын хабарлады. Олардың арасында шетел азаматтары да бар.

Непалдың Қытаймен шекаралас аймағында нөсер жауыннан кейін су тасқыны болып, арты ірі көшкінге ұласты. Табиғи апат салдарынан жүздеген туристің тағдыры белгісіз болып отыр.

Көшкін Қытай аумағындағы портқа апаратын жолдарды жауып, электр және байланыс желілеріне зақым келтірген. Шекарадағы көлік қатынасы да уақытша тоқтатылды.

Непал полициясының мәліметінше, апаттан кемінде 17 адам қаза тапқан. Туризм басқармасы тағы 400-ге жуық саяхатшының жоғалғанын хабарлады. Олардың арасында шетел азаматтары да бар.

Сонымен қатар Непалдың солтүстігінде салынып жатқан гидроэнергетикалық нысанда жұмыс істеген 60 адамның да хабар-ошарсыз кеткені белгілі болды.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин құтқару және іздеу жұмыстарын барынша күшейтуді тапсырды. Ол жергілікті органдарға төтенше жағдайларға дайындықты күшейтіп, су тасқыны мен тайфун қаупінің алдын алу шараларын толық жүзеге асыруды тапсырды.