8 Қыркүйек 2026, 05:17 Фото: REUTERS

Непалдағы көшкіннен қаза тапқандар саны 1355 адамға жетті

Тағы 4 996 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Непалдың солтүстігінде болған жойқын көшкіннен қаза тапқандар саны 1 355 адамға жетті. Тағы 4 996 тұрғын із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Қытай орталық телеарнасының мәліметінше, жаңартылған ақпаратты Непалдың Табиғи апаттар қаупін азайту жөніндегі ұлттық басқармасы жариялады. Деректер жергілікті уақыт бойынша 7 қыркүйек сағат 11:00-дегі жағдайға сәйкес келтірілген.

Зардап шеккен аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Непалдағы жойқын су тасқыны мен көшкін салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін БҰҰ Непалға 50 миллион долларға жуық қаражат сұрады

Еске салайық, 26 тамызда Қытай мен Непал шекарасындағы таулы аудандарда көшкін жүргеннен кейін алапат су тасқыны болды. Непалдағы Бхоте-Коши өзеніне қуатты су ағыны лап беріп, Расува округінде елеулі қирауларға әкелді.