Непалда туристік автобус жол апатына ұшырап, 14 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні Непалдың орталық бөлігінде болған жол апатының салдарынан 14 адам қаза тауып, 16 адам зардап шекті, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Автобустың ішінде болған 12 жолаушы оқиға орнында қаза тауып, тағы екеуі ауруханада тіл тартпай кетті. Зардап шеккен адамдардың барлығы ауруханаға жатқызылды.

Автобус Непалдың орталық бөлігінде орналасқан әйгілі Калинчок туристік мекенінен ел астанасы Катмандуға жол тартып бара жатқан, - делінген агенттіктің хабарламасында.

Автобус ішінде 32 адам болған. Қазір полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауда. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы