Непалда қар көшкіні салдарынан жеті адам қаза тапты
Непалдағы Ялунг Ри шыңының базалық лагерінде қар көшкіні салдарынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ The Kathmandu Post басылымына сілтеме жасап.
Қайтыс болғандардың арасында үш АҚШ азаматы, бір канадалық, бір итальялық және екі непалдық азамат болды, - деді жергілікті полиция өкілі Гьян Кумар Махато.
Ол қар көшкіні кезінде Ялунг Ри шыңының базалық лагерінде непалдық және шетелдік альпинистер тобы болғанын нақтылады. Олар Долма Ханг шыңына шығуға дайындалып жатқан.
Басылымның мәліметінше, оқиғадан кейін төрт адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Тағы төртеуі әртүрлі жарақаттар алған.
Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары басталды, бірақ қараңғы түскендіктен тоқтатылды. Жоғалғандарды іздеу 4 қараша таңертең қайта жалғасады деп күтілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы