Непалда әуе апатынан 6 адам қаза тапты
Қайғылы жағдай елдің солтүстік-шығысында ел астанасы Катманду маңында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Билік істің мән-жайын анықтау үшін арнайы комитет құрды. Туристер мінген тікұшақ Эверест тауынан ел астанасына қайтып келе жатқаны белгілі болды. Оқыс оқиғаға күн райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.
Қазір елде жауын-шашын көп түсіп жатыр. Өңірдегі әуежайлардың жұмысы тұралап, рейстер кейінге шегерілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы