Немқұрайлылық танытқан лауазымды тұлғалар партия алдында жауап беруі тиіс – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде айтты.
Бесінші. Қоғамдық қабылдау қызметін жандандыру керек. Партияның ел бойынша 238 мемлекеттік кеңсесі бар, бірақ олардың жұмысы онша көрінбейді. Бұл ретте азаматтардың барлық өтінішін жіті бақылауда ұстау, хабардар болу маңызды.Лауазымды тұлғалар тарапынан біржақты қарау немесе немқұрайлылық танытқан жағдайда олар партия алдында жауап беруге тиіс. Фактіден кейін әрекет етпей, профилактикалық жұмыс істеу керек, - деді Тоқаев.
Президент жұмыстың басым бөлігін проактивті форматқа көшіру керегін айтты.
Жұмыстың басым бөлігін проактивті форматқа көшіруге болады, яғни өтініштерді талдау негізінде алдын ала жүйелі проблемаларды анықтап, партия басшылығына немесе соңында Үкіметке белгі беруге болады, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы