Неміс канцлері елімізге қандай мақсатпен келгенін айтты

Германияның федералдық канцлері Олаф Шольц неміс делегациясының қандай мақсатпен келгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен кездесу өткізіп, екіжақты қарым-қатынасымызды одан әрі дамытып отырғанымызға қуаныштымын. Біз бұл туралы талқыладық, меніңше былтыр біздің қарым-қатынастарымыз жақсы дамыды әрі қазір көптеген экономикалық байланыстарды көреміз. Менімен бірге үлкен делегация, экономика өкілдері келіп отыр. Біздің мақсатымыз – экономикалық қарым-қатынастарымыз үшін жағдай жасау, сіздерге тікелей инвестицияны жүзеге асыру, сауда алмасу мүмкіндіктеріне жол ашу. Біз энергетикалық және мұнай саласындағы ынтымақтастықта жақсы ілгерілеушілікке қол жеткізіп жатқанымызға қуаныштымыз. Бізде осындай сенімді әрі дәйекті ынтымақтастық бар екеніне разымыз. Бұл көптеген адам үшін, бүкіл әлем үшін жақсы месседж, - деді Шольц Ақордада шағын құрамда өткен кездесуде.

Канцлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер жөнінде сөйлескенін айтады.

Әрине, бұл ең алдымен Ресейдің Украинаға қарсы соғысы мен оның салдарын қамтиды. Бұл туралы өте қарқынды әрі жаһандық ауқымда айту маңызды болып отыр. Менің ойымша, елдеріміз үшін протекционистік ұмтылыстар сәтті болмауы үшін әлемде бейбіт сауданың болуы керек. Мен біздің кездесуімізге, соның ішінде Орталық Азияның бүкіл президенттерімен ертең өтетін кездесуге қуаныштымын. Бұл жақсы дәстүрге айналды, - деді Олаф Шольц.

Бұған дейін Президент Германиямен стратегиялық серіктестік дамып келе жатқанын атап өткен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы