Неміс футболшысы Қазақстан құрамасында ойнау үшін 1 миллион еуро сұраған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германия футболшысы Роберт Бауэр Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ойнау үшін қомақты ақша талап еткен. Бұл туралы meta-ratings.kz хабарлайды.
26 жастағы футболшы азаматтық ауыстырып, Қазақстан ұлттық құрамасының сапына қосылу үшін 1 миллион еуро сұраған. Алайда Қазақстан футбол федерациясының өкілдері құрамаға ақшаны бәрінен биік қоятын ойыншы қажет емес екенін мәлімдеп, келіссөз жүргізуді тоқтатқан.
Айта кетейік, бұған дейін федерация өкілдері Бауэрдің Қазақстан құрамасына қосылуы ықтимал екенін айтқан болатын.
Роберт 1994 жылы Германияға көшіп барған қазақстандық эмигранттардың отбасында дүниеге келген. Қазір ресейлік «Арсенал» командасында ойнайды. Ол 2015 жылы Қазақстан құрамасына шақырылған болатын, бірақ ол кезде футболшы бұл ұсыныстан бас тартқан еді, ал кейін ұлттық құрамада ойнауға дайын екенін мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үндістанда қауіпті нипах вирусының таралуы тіркелді
Өзгелердің жаңалығы