Немере бағу – қарттықтың алдын алу ма? – зерттеу

Қарттардың немереге қарауы деменцияның алдын алуға көмектеседі. Бұл туралы қытайлық ғалымдар жариялаған жаңа зерттеуде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қытайлық ғалымдар 50-ден 79 жасқа дейінгі 10 мыңнан астам адамның деректерін талдай келе, немереге үнемі қарайтын қарттар деменцияға сирек шалдығатынын анықтады. JAMA Network Open журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, аптасына 39 сағатқа дейін немереге қараған адамдарда деменция қаупі мүлде қарамағандармен салыстырғанда 24%-ға төмен болған.

Мамандардың айтуынша, бала бағуға жиі көмектескен әжелер мен аталар заманауи технологияны жиі қолданады, мобильді телефон мен интернетке бейім келеді және өзін жалғыз сезінбейді. Бұл үш фактор — цифрлық белсенділік пен әлеуметтік байланыс — деменциядан қорғануға әсер етіп, жалпы тиімділіктің 37%-ын қамтамасыз еткен.

Алайда немеремен толық жұмыс аптасына тең дәрежеде айналысу когнитивті денсаулыққа оң әсер етпейді. Ғалымдар мұны шамадан тыс жүктеменің стресс пен шаршауға әкелуімен байланыстырады.

Зерттеу авторлары деменцияның алдын алудың қолжетімді жолы ретінде әлеуметтік белсенділік пен цифрлық сауаттылықты ұсынады. Ал немересімен үнемі араласу — қарт жаста сергек ой мен белсенді өмір салтын сақтауға көмектесетін маңызды ресурс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы