12 Қазан 2026, 20:45 Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Неліктен жаңа iPhone Қазақстанда бүкіл Еуропаға қарағанда қымбат? – сарапшы салыстырып көрді

Айфон неге қымбат? Қазақстан Еуропаны басып озды.

Қазақстанда жаңа 256 ГБ iPhone 18 Pro ресми түрде 849 990 теңге тұрады. Бұл шамамен 1 920 доллар немесе АҚШ-тағы бағаның шамамен 160 пайызын құрайды. Тәуелсіз қаржы сарапшысы Андрей Чеботарёвтың есептеуі бойынша, бұл смартфон тек 36 елдің ішінде тек екеуінде ғана қымбатырақ сатылады.

Есептеуге Visual Capitalist рейтингі себеп болды. Сарапшылар 35 елдегі iPhone 18 Pro 256 ГБ моделіне арналған Apple-дің ресми бағаларын салыстырып, оларды қыркүйек айының соңындағы бағам бойынша доллармен қайта есептеген. 

Тізімде Қазақстан болмағандықтан, Чеботарёв Қазақстанды қосып, есепті өзі шығарды. Егер ел рейтингке енгізілсе, Үндістан мен Бразилия арасындағы 36 елдің ішінен 34-орынды иеленер еді. 

Нәтижесінде, біздегі iPhone Швейцария, Норвегия, Дания, Финляндия және жалпы кез келген Еуропа еліне қарағанда қымбатырақ болып шығады.

Мәселе салықта емес

Ең бірінші ойға келетіні – салықтар. Бірақ сарапшы Еуропадағы ҚҚС (қосылған құн салығы) айтарлықтай жоғары екенін еске салады. Мысалы, Германияда бұл көрсеткіш 19%, Францияда 20%, ал Финляндияда 25,5%. Соған қарамастан, ондағы iPhone үстеме бағасы Қазақстанға қарағанда шамамен екі есе төмен.

Чеботарёв мұның себебін нарықтың құрылымынан көреді.

«Мәселе нарық құрылымында – мұнда Apple компаниясының тікелей өкілдігі жоқ, тауар дистрибьюторлар мен бөлшек сауда тізбегі арқылы жүреді, көлемдер аз, ал әрбір буын өз маржасын қосады», - дейді сарапшы.

Apple мен сатып алушы арасындағы әрбір деделдал бағаға өз үлесін қосады. Нәтижесінде қазақстандық сол телефон үшін Берлин немесе Хельсинки тұрғынына қарағанда айтарлықтай көп ақша төлейді.