Неліктен наурызға теміржол билеттері сатылмай жатыр

"Қазақстан теміржолшысының" мәліметінше, қазір осы жылға жоспарланған темір жолдарды жөндеудің ауқымын ескере отырып, пойыздар қозғалысының кестесіне штаттық түзету жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Наурыз айына теміржол билеттерін сату осы жылдың ақпан айының басында ашылады, - делінген хабарламада.

Қаңтар және ақпан айларына жолаушылар пойыздарына билеттерді сату штаттық режимде жүргізіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі бойынша алуға болады.

2024 жылы шамамен 1400 км жолды жөндеу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мақсат Рысбеков - архив
Өзгелердің жаңалығы