Неліктен iPhone иелері жер сілкінісі туралы хабарлама алған жоқ

Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев «Digital Almaty: Industry X» халықарылық форумында iPhone иелері неліктен жер сілкінісі туралы ескерту алмағанын түсіндірді.

Адылбек Қасымалиевтың сөзінше, Қырғызстанның экономикалық белсенді халқының 80 пайызы цифрлық құжаттармен қамтамасыз етілген.

Жақында болған жер сілкінісі кезінде телефон алып көшеге шыққан көптеген азаматтарымызға қажетті құжаттары түгелдей қамтамасыз етілді. Бұл күтпеген жерден табиғи апаттардан сақтандырудың бір түріне айналды. Бір қызығы, Android смартфондарында жер сілкінісі туралы ескерту оқиғадан бір минут бұрын келген. Осы уақыт адамдардың далаға қашып шығуына жеткілікті болды. Неліктен iPhone телефондарына хабарландыру келмеді? Менде де iPhone. Біз оны анықтадық. Apple біздің елдерді апатты ескерту қызметіне қолжетімді елдер тізіміне қоспағаны белгілі болды. Бұл қарапайым функция сияқты көрінеді, бірақ ол адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін, - деді Адылбек Қасымалиев.

Ол ЕАЭО елдеріне ең алдымен Apple, Google және Microsoft сияқты технологиялық компаниялармен диалог қажет екенін айтты.

Оның пікірінше, технологиялық компаниялар мемлекеттер мен үкіметтердің серіктестері болуы керек және ортақ игілікке жұмыс істегендері жөн.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы