Неге жаңа пәтерлерге жарық пен жылу кеш келеді? Министр жауабы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Астанадағы жылусыз, жарықсыз үйлердің мәселесін қалай шешетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана секілді мегополис қалаларда қыруар үй салынып жатыр. Өкінішке, қарай инфрақұрылым ескерілмей салынуда. Бұған қалай рұқсат беріледі? Себебі қаладағы үйлерде кешке су болмайды, жаңадан салынған пәтерлерде жылу болмай жатады. Құрылысқа қалай рұқсат беріледі, – деп сұрады журналист.
Министр Марат Қарабаевтың айтуынша, Астана қаласында ең үлкен екі мәселе бар, соның бірі жылумен қамтамасыз ету.
Бұл бойынша біз қаржыландыру көлемін ұлғайттық. Осы уақытқа дейін жылына жылу беруге пәтерлерге 33 мың қаржы бөлінсе, биыл 47 мың бөлінді. Екіншіден, бұрын алдымен жеке пәтерлердің салынуына рұқсат алған, кейін су мен жылуға қосылу процесі жеке жүргізілген. Ол жерде де логика бар болған шығар деп ойлаймын, – деп жауап берді министр.
Қарабаев құрылыс жұмысы мен инфрақұрылымды сәйкестендіру үшін қандай шара қабылданғанын айтты. Сондай-ақ ведомства басшысы республикалық бюжеттен 80 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.
Баспана салушы техникалық шарттаманы қолға алмай, мемлекеттік сараптамадан жаңа үйдің құрылысына рұқсат берілейтін болады. Біз соған келеміз деп ойлаймын, – деді министр.