"Неге көп?": Елімізде Ресейдің 23 мыңнан астам компаниясы жұмыс істеп жатыр

Бұл туралы Қазақстан қоғамдық даму институты сарапшысы Дамир Белгібаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маман сөзін Ресей бүгінде Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық әріптесі екенінен бастап, екі елді не байланыстыратынына тоқталды.

Бізді байланыстырып жатқан көптеген факторлар бар. Қазір Қазақстанда Ресейдің 23 мыңнан астам компаниясы жұмыс істеп жатыр. Соңғы жылдары 4 мыңнан астам компаниясы ашылған. Әрине, оған 2022 жылдан бергі қатаң санкциялар әсер етті. Ол Қазақстанға көптеген компаниялардың келуіне себеп болды. Бұл үрдіс 2023 жылы да, 2024 жылы да жалғасты. Соның нәтижесінде екі ел арасында тауар айналымы шамамен 30 млрд АҚШ долларына жуықтады, - деді ол.

Бұл алыс-беріс ары қарай да артып, 30 млрд АҚШ долларынан асып жығылады деген болжам бар.

Кез келген мемлекеттің сыртқы ұстанымын анықтайтын сыртқы саясат тұжырымдамасы болады. Осындай жаңа тұжырымдаманы 2023 жылдың 31 наурызында Ресей Федерациясы да қабылдаған. Оның басты бір тармағы іргелес мемлекеттермен тату көршілікті қалыптастыру еді. Ал Ресеймен ең үлкен шекаралық байланысып жатқан мемлекет ол, әрине, Қазақстан. Сондықтан Қазақстанмен достық қарым-қатынасты ұзарту екі жақтың да алға қойған мақсаты, - дейді Дамир Белгібаев.

Ол сондай-ақ Қазақстан мен Ресей энергетика, өнеркәсіп, логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да көптеген салаларда бірлесіп, ауқымды жұмыстар атқарып жатқанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы