Неге Instagram-да жауап бермейсіз? – Аймағамбетов оқырманының сұрағына жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халық алдында есеп беру кездесуі кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқырмандар сұрағына жауап берді.
«Мен Instagram-да сіздің жекеңізге жаздым. Бірақ жауап ала алмадым. Неге жауап бермейсіз?» деп министрдің оқырманы сауал жолдады.
Министр Instagram-да 100 мыңнан астам оқырманы бар екенін алға тартты.
Күніне Instagram-ға 400-500-ге дейін сұрақтар түседі. Онымен қоса Facebook-ке де келетін сұрақтар аз емес. Министрліктің блогына да бірқатар сұрақ түсіп отырады. Әрине, күніне 1 000 сұраққа жауап беру өте күрделі, - деді ол.
Аймағамбетов сұрақтардың көпшілігі қайталанып келетіні туралы да айта кетті.
Көп сұраққа сайтта жауап берілген. Мәселенің көбі жүйелі емес, көіне адамның жеке басының құқықтарына байланысты. БҒМ және жалпы министр нақты осындай мәселелермен өзі айналысатын болса, онда оның жұмыс істеуіне қиындық туады. Сол себепті аталған сұрақтар, мәселелер жергілікті атқарушы органдарына, жергілікті басшылыққа жіберіледі, - деп толық жауап берді Асхат Аймағамбетов.
Бас ұстаз алайда көтерілген мәселелер шешімін таппаған жағдайда сұрақтар министрлік деңгейінде қаралатынын айтты.