Негатив реакциялар індеттің таралуына себепші болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай Алматы қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында өткен онлайн сұхбат кезінде айтты.

Коронавирус кезеңінде әлеуметтік-психологиялық оңалту жайында пікірімен бөліскен орталық директоры қазіргі жағдай тұтас қоғамға берілген дабыл екенін және оның адамның психологиялық жағдайына әсер етпей қоймайтынын айтады.
Адамның психологиялық жағдайына әсер етуіне әрқайсымызды үйреншікті өмір сүру салтымыздың өзгеруі,  коронавирус індетінің таралуына қатысты түрлі информацияның тарауы түрткі болуы мүмкін. Коронавируспен бір ауырып тұрудың өзін бүгінде адамның мінез-құлқының стереотипіне алып келетін жағдайға жатқызуға болады. Сондықтан, өмірдің қиын сәттерінде білінетін табиғи реакциялар (мысалы, қорқу, үрейлену, мазасыздану және қобалжу) қазіргі қиын жағдайда адамның айнымас «серігіне» айналады. Бірақ, адамның мұндай эмоционалдық реакциясы ағзаның қалыпты қорғаныштық қасиеті екенін естен шығармау керек, - деді ол.
Дәрігердің айтуынша, қазір қоғамда агрессия, қандай да бір жағдайды қабылдамау, күдік деген сияқты негативті реакциялар жиі байқалады.
Бұл жағдайдың негізгі проблемасы, дәл осындай реакциялар инфекцияның таралуына себепші болып, ағзаның функционалдық қасиетіне кері әсер ететін, ұзақ емделуді қажет ететін ауруларға алып келеді. Жалпы, мұның бәрін қалпына келтіруге болады. Мұнда ең алдымен, стрессті басқарудың негізгі әдістемелерін білу қажет, олармен танысып, іс жүзінде қолдана білу шарт. Сондай-ақ, психологиялық тұрақтылықты арттыру керек. Екіншіден, денсаулығында болып жатқан өзгерістермен байланысты туындаған сұрақтарға тұщымды жауап алу. Үшіншіден, тиісті мамандардың толыққанды кеңесі, - деді Негай.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы