Не себепті Балқаш көлінде туризм дамымай отыр? Баталов жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Не себепті Балқаш көлінде туризм дамымай отыр? Журналистің сауалына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жауап берді.
Бұл өңірде туризм дамиды. Қазіргі уақытта басты жобаны бітірдік. Сарқан ауданы осы аймақпен аралас жатыр. Біз туризм басқармасымен бірігіп, республикадан керекті қаражатты сұратамыз. Оның үстіне жергілікті бюжетімізді бөліп, Талдықорғаннан Лепсіге дейін 140 км жолды, ар жағында 20 км көлдің жағасына дейін жолды аяқтаймыз, -дейді ол.
Баталовтың сөзінше, қазіргі таңда жоба бекітіліп, қаражат бөлінуде.
Аумақтағы электр, су жүйелері сияқты басқа да проблемалар сараланды. Бұл маңның барлығы Алакөл сияқты жеке меншікке таратылған. Соның бәрін қалпына келтіріп, кімнің не жасай алатынын қарастырып жатырмыз. Аз уақыттан кейін Алакөлдей туристік аймаққа айналады, - дейді әкім ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Сонымен қатар облыс әкімі Елбасының 100 спорттық кешен салу туралы тапсырмасына орай және бұқаралық спортты дамыту мақсатында қолданысқа берілген 13 ДШО-ға қосымша тағы төрт дене шынықтыру–сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Баталов: Ауыз сумен қамту деңгейі 99%-дан асады
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы