Не күлерімді, не жыларымды білмедім. Зейнеткерге 33 теңге көлемінде мемлекеттік төлем тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде зейнеткерге электрондық үкіметтің 1414 Бірыңғай байланыс орталығынан төлем жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы diapazon.kz сайты хабарлайды.

Бірнеше күн бойы кеуананы түрлі мамандарға жіберген, ол БЖЗҚ бойынша инфляцияны ескере отырып біржолғы мемлекеттік төлем алу үшін жолға 1000 теңге төлеп, шығынданып, нәтижесінде мемлекеттен - 33 теңге 19 тиын төлем алған.

Бірінші рет маған 1414 нөмірінен ХҚКО-ға келіп, төлем алуым керек деген хабарлама келгенде, бұл жалған ақпарат деп ойладым. Нәтижесінде маған осындай бес хабарлама келді, содан кейін маған ХҚКО қызметкерлерінің өздері қоңырау шалып, келуді сұрады, - дейді Нелли.

Кейін зейнеткер ХҚО баруды шешеді.

Содан мен Тургенев көшесіндегі ХҚКО-ға бардым, онда маған банкке барып, шот нөмірін алу керек екенін айтты. Мен солай жасадым. Қайта ХҚКО-ға келдім, бірақ бірде-бір қызметкер маған ары қарай не істеу керектігін түсіндіре алмады. Олар маған келесі күні кел деді. Мен бардым, олар мені бір терезеден екіншісіне жібере бастады. Нәтижесінде екінші қабатқа, № 9 кабинетке жіберді. Мен өтінішті толтырдым, олар маған берілетін төлемнің мөлшерін айтқанда не күлерімді, не жыларымды білмей қалдым. Мемлекеттен алатын төлем мөлшері - 33 теңге. Екі күн ішінде жолға 1000 теңгеден астам қаражат жұмсадым. Бұл неткен мазақ? Сонымен мен бұл 33 теңгені тек шілде айында ғана ала алады екенмін, - деді зейнеткер.

ХҚКО-да журналистерге мұндай төлемдер БЖЗҚ желісі бойынша жүзеге асырылатыны және зейнеткерге шын мәнінде 33,19 теңге тағайындалғаны, мұндай ақша қайдан пайда болғаны туралы нақты жауап бере алмаған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы