"Не істеп жатырсың? Қажет емес": Скляр құлаған ұшақтағы екі пилоттың диалогын айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Вице-премьер Роман Скляр құлаған Bek Air ұшағындағы екі пилоттың диалогы қалай болғанын айтып берді.
Комиссия ерекше жағдайдың даму хронологиясын қалпына келтірді. 7 сағат 20 минутта 2 секундта ұшу басталды. 7 сағат 20 минут 41 секундта жылдамдық көрсететін аспап 140 узел шамасын көрсетеді, сол кезде экипаж шассидің алдыңғы тірегін көтеру бойынша іс-қимылдарды бастады. 7 сағат 20 минутта 45 секундта ұшақ ұшу-қону жолағынан көтеріледі, жылдамдық көрсететін аспапта 148 узел шамасында болды. Бұл максималды жылдамдық. Ұшақ көтеріле бергенде бірінші сол жаққа (5 градус), кейін оң жаққа (19 градус) қисая бастайды. Кейін қайта сол жаққа 15 градусқа дейін қисаяды,- деді Скляр.
Оның айтуынша, екінші ұшқыш әуе кемесі көтеріле бастағанда 10 секундтан кейін қозғалтқыштардың жұмыс режимін азайтып, ұшуды тоқтатуға әрекет жасаған.
Алайда 4-5 секундтан кейін қозғалтқыштардың жұмыс режимі тағы да 93,95 пайызға дейін көтерілді және ұшу жалғастырылды. Бұл әрекеттерді ұшақ экаипажының сөйлеген сөздері және күш қондырғысы параметерлерінің жазуы растайды.7 сағат 20 минут 53 секундта әуе кемесі оң жаққа қарай қисая бастады. Бұған әуе кемесінің командирі "Не болды?" дейді. 7 сағат 20 минут 54 секундта екінші ұшқыш: "Не екенін білмеймін. Тұрақтандырғыш, тоқтат" деп жауап береді. Мен бұл жерде жіберемін одан ары қарай нормативтік емес лексика. Осы фразаны айта отырып екінші ұшқыш қозғалтқышты басқару тұтқаларын шағын газға ауыстыруы әбден мүмкін. 7 сағат 20 минут 57 секундта әуе кемесінің командирі екінші ұшқыштың іс-қимылына жауап бере отырып, "Не істеп жатырсың, керек емес" дейді. Дәл осы кезде әуе кемесінің командирі қозғалтқышты басқару иінтірегін ұшу режиміне ауыстырады да, "Кеттік, кетіп барамын" дейді", - дейді вице-премьер.
Оның айтуынша, әуе кемесінің командирі "Шассиді алып таста" деген бұйрық берген. Осыдан кейін шасси қону жолағына бірнеше рет жанасады: яғни артқы бөлігімен 6 рет, шассидің негізгі тіректерімен 4 рет және қанатымен 1 рет.
Бұған дейін Скляр Bek Air ұшағы неліктен құлағаны туралы үкіметтік комиссияның алғашқы болжамын айттықан болатын. Бүгінде ұшақ құлаған Алматы әуежайы маңында жер учаскелерін бергендерді тергеу басталды. Сонымен қатар, құлаған ұшақтың нақты себебін анықтауға бір жылдан артық уақыт кетуі мүмкін екені айтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы