Үндістанда су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Бенгалуру қаласында су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды деп жазады Olympic.kz.
Су добынан Қазақстанның жасөспірімдер командасы қытайлықтарды 13:7 есебімен ұтты. Бұл бәсекеде Жапония, Шри-Ланка, Өзбекстан, Үндістан және Иран командалары бар. Ал Қазақстан қыздар командасы қытайлық ватерполшыларды 10:9 есебімен жеңді.Қыздар арасында Үндістан, Қытай, Жапония, Шри-Ланка, Өзбекстан құрамалары жүлдеге таласуда. Сондай-ақ, синхронды жүзуден бәсекелер басталды. Микст-дуэтте Эдуард Ким мен Жаклин Якимова жеңімпаз атанды.
Бұдан басқа, қазақстандықтар фигура, соло, дуэт, микс-дуэт, топтық жаттығу, аралас және акробатикалық топтық сында өнер көрсетеді.
Азия біріншілігі 3 қазанға дейін жалғасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы іске қосылды
Өзгелердің жаңалығы