Үндістанда найзағай түсіп, 50 адам қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда бір апта ішінде 50-ден аса адамға жай түсіп қаза тапты. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Тағы ондаған азамат жарақат алған. Оқыс оқиға елдің шығысында болған. Жалпы қаза тапқандардың басым бөлігі Бихаре қаласының тұрғындары. Қазір штат билігі көз жұмғандардың туған-туыстарына өтемақы төлеуді жоспарлауда. Сонымен қатар табиғат құбылысынан зардап шеккендерге де қажетті ем-дом ұсынылады.
Айта кетейік, қазіргі таңда оңтүстік-шығыс Азия елдерінде маусымдық нөсер жаңбыр жауып жатыр. Үндістанда одан 100-ден аса адам құрбан болды.
Бұған дейін, Үндістанда найзағай түсіп, бір отбасының 8 баласы қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы