Үндістанда эпидемиологиялық ахуал өршіп барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер жүзінде халқының саны жөнінен тек Қытайды алға салатын Үндістанда (1,3 млрд) вирус жұқтырғандар саны азаймай тұр, бүгінде олардың саны 1,24 миллионға жетті.

Үндістан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда соңғы тәулікте мұнда 45 700 адамның вирусты жұқтырғаны анықталып, 1 129 адам КВИ құрбаны болған. Сондай-ақ, індет басталғаннан бері көне өркениет ошағы – Үнді топырағында 29 861 үнділік көз жұмған.

Алайда сарапшылар "шындығында бұл сандар әлдеқайда жоғары болуы мүмкін" дейді. Жалпы коронавирустан ең қатты Махараштра және Тамилнад штаттары мен Дели астаналық өңірі зардап шеккен. Барлық деректердің шамамен 60%-ы осы үш аймақта тіркелді. 

Вирус тез тарап бара жатқан өңірлерде шектеу шаралары қайта күшейтіліп, өзін-өзі оқшаулау тәртібі осы айдың соңына дейін ұзартылды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы