30 Маусым 2025 2025, 20:18 Фото: коллаж BAQ.KZ

Назым Қызайбай жеңді, Абылайхан сүрінді. Алда өзбектермен айқас – әлем кубогі

Қазақстан алғаш рет World Boxing ұйымының дүниежүзілік деңгейдегі беделді бокс додасын қабылдап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан алғаш рет World Boxing ұйымының дүниежүзілік деңгейдегі беделді бокс додасын қабылдап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл еліміздің спорт тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі. Жаһанның әр түкпірінен 30-дан астам елден келген 300-ге жуық боксшы Астана төрінде бас қосып, шаршы алаңда шеберліктерін сынға салмақ.

Бокс мерекесіне айналған бұл кешке жанкүйерлер де ерекше дайындықпен келген. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған бокстың жанашыр қауымы алаң жиегінен табылып, отандастарымызға рух беріп жатыр.

Жарыс жолын алғаш болып 48 келіде Назым Қызайбай бастады. Отандасымыз канадалық Приянка Диллонды 5:0 есебімен жеңді.

Жарақат алған Абылайхан Жүсіпов бәсекені аяқтады.

Толығырақ видеоматериалдан көре аласыздар!