Назым Қызайбай: Ұтуға барымды салдым
Париж Олимпиадасының жартылай финалында қола жүлдеге қол жеткізген ұлттық құрама боксшысы Назым Қызайбай жекпе-жектен соң шағын сұхбат беріп, әсерімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ойдағыдай болмады әрине. Кеш бокстастық. Ұтуға барымды салдым. Бірақ қытай қызы алдап кетті. Арасында қатты ұрам деп кішкене қатып қалдым. Қатты "настрой" ұстадым, содан кейін шығар, - деп ағынан жарылды боксшы қыз.
Сонымен қатар ол қарсыласына қатысты пікір білдірді.
Былай қарасаң, барлық қарсылас бірдей ғой. Бұл жерде қатты ұтқым келді. Ойдағыдай болмай қалды... Әрине, "әттеген-ай" бар. Алтын алғым келген, - деп спортшы көз жасына ерік берді.
Еске салайық, бокстан құрамаға алғашқы медалді сыйлаған Назым Қызайбай Олимпиаданың қола жүлдесін иеленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Париж-2024: Назым Қызайбай қола жүлдені иеленді
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы