Назым Қызайбай қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Назым Қызайбай Таиланд астанасы Бангкоктағы Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары үлестіріліп жатқан әлемдік іріктеу жарысының ширек финалда бақ сынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.

50 кг салмақтағы Назым мен Саванна Стабли (Ұлыбритания) айқасы 5-0 есебімен алғашқысының пайдасына аяқталды. Үшінші раундта, тіпті, қарсыласқа есеп те ашылды.

Енді Ұлттық құрама спортшысы Париж Олимпиадасының жолдамасын иелену үшін қалған 1 айқаста жеңуге тиіс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Өзгелердің жаңалығы