Назым Қызайбай ұлттық құрамадағы проблемалардың бетін ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Түркиядағы халықаралық жарыстың ширекфиналында үндістандық Нихат Зариннен жеңілген соң мәлімдеме жасады. Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында 27 жастағы спортшы Қазақстан құрамасындағы проблемаларды айтты.
Спортшыны ұлттық құрамадағы мәселелер туралы айтуға итермелеген Болгариядағы турнир болды.
Таяуда біз Болгарияда өткен турнирге бардық, онда қарсыласымды 3:2 есебімен жеңуім керек еді, бірақ төреші жеңісті қарсыласыма берді, дегенмен бәрі менің жеңгенімді түсінген. Бұл Түркиядағы турнирде де қайталанды, онда мен ширекфиналда жеңілдім. Біз төрешілерге барғанбыз, олар: «Сендер жақ айтты, өздерің шешіңдер» дейді. Осылай тіке айтты. Неге олар сонда отыр? Бұлай болмауы керек. Артыңда кім тұрса да, әділеттілік болуы керек. Кездесу нәтижесі мен рингке шыққанға дейін белгілі болған сияқты. Бұл бір рет қана болса жарайды, бірақ бұл Стамбулда да қайталанды. Кейін Болгария мен Түркиядағы турнирлерде бір супервайзер болғанын білдік. Енді мұның кім арқылы жасалатынын түсіндік. Маған қолдау көрсету үшін көптеген адам келді, - деді ол.
Спортшы мұндай жағдайдың бірінше рет орын алып отырмағанын айтты.
Бұл мен 51 келіге дейінгі салмаққа көтерілгенімде басталды. Бірнеше рет үндемедім, бірақ үшінші рет шыдай алмадымҮндемеуден шаршадым. Бұл бірнеше жылдан бері жалғасып келеді, - деді ол сұхбат барысында.
Бұл кімге пайдалы болуы мүмкін? Деген тілшінің сауалына Назым Қызайбай
Біз оның кім екенін жақсы білеміз, бірақ айта алмаймыз, өйткені белгілі бір нәтиже үшін ақша беретіні туралы тікелей дәлел жоқ. Мұны жаттықтырушылар да, басшылық та біледі, бірақ бұл туралы ешкім айта алмайды. Мені ұлттық құрамадан қуып жатыр деуге болады. 51 келіге дейінгі салмақта Анджелина Лукас екеуіміз бақ сынасамыз. Мен оны алға жылжытып жатыр деп айта алмаймын, өйткені тікелей дәлелдер жоқ, - деп жауап берді спортшы.
Оның айтуынша, 2020 жылы наурызда мен Олимпиада ойындарының іріктеу турниріне ол керек еді.
Өйткені мен 51 келіге дейінгі салмақта бірінші нөмірмін, бірақ содан алты ай бұрын Қарағандыда өткен турнирде мені іріктеу сайысының жартылай финалында әдейі жеңілтті, ал Лукасқа қарсы басқа қызды шығарып қойды.Лукас 2020 жылдың наурызында Амманда өткен іріктеу турниріне барып, жеңіліп қалды. Содан кейін жеңілгенін мойындағысы келмеді. Сол турнирде мен Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алар едім. Менің лицензия алатын үлкен мүмкіндігім болды, себебі көптеген үздік спортшыны бір емес, бірнеше рет жеңдім. Осыдан кейін де мені қуып жатыр. Жаттығуда оны жеңіп алатынмын, Ангелина біздің салмақта үшінші нөмір болды. Биыл ол Қазақстан чемпионатының финалына алғаш рет жетіп отыр. Ол Түркістан облысы Шымкент атынан шыға бастап еді, қолдау бірден пайда болды, - дейді спортшы.