Нәзік, батыл, ақылды, аяулы әйелдердің есімдері ел тарихының беттеріне жазылған - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады.
Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер көктемнің бейнесі мен гүлдер сияқты біздің өмірімізді күн сайын сұлулыққа толтырып, айналаңыздағы барлық адамға жылулық пен қамқорлық сыйлайсыздар.
Сырт көзге нәзік көрінгендеріңізбен, сіздердің бойларыңызда кез келген қиындық пен сынақты жеңе алатын күш бар. Жылдан жылға жаңа белестерді бағындырып, алға ұмтыласыздар. Нәзік, батыл, ақылды, аяулы әйелдердің есімдері ел тарихының беттеріне жазылған.
Бүгінде елімізде мақтанышпен айта алатын, ардақты аруларымыз жетерлік. Сіздер отбасының ұйытқысы, аяулы жар, ана мен қыз ғана емес, сонымен бірге өз саласының кәсіби маманы, дәрігер, мұғалім, инженер, ғалым ретінде елімізді дамытуға үлес қосып жатырсыздар.
Сіздердің мүмкіндіктеріңіз бен күш-жігерлеріңізде шек жоқ. Ардақты аналар, аяулы арулар! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, ашық аспан және амандық тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!