Назаров: Мемлекетте қандай шешім қабылданады, сол шешімге бағыну керек

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Парламент палаталарының отырысының кулуарында мектепте хиджаб кию мәселесіне қатысты ойын айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жыл сайын талқыланатын мәселе. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзі айтып өтті. Зайырлы мемлекет ретінде мемлекетке қарасу керек. Сол себепті бұл мәселе өз шешімін табады деп ойлаймын. Өзімнің позициям: мемлекетте қандай шешім қабылданады, сол шешімге бағыну керек. Шешенстанға көшем деп жатыр деген пікірлер болса, әркімнің өз пікірі бар, өзі шешім қабылдайды. Америкаға барып тұруға да болады. Ол азаматтың өзінің пікірі, - деді депутат.

Назаровтың пікірінше, азаматтар баласын қай мектепке берсе де құқылы, өз еркі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ Мәжіліс баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы